Жедел жәрдем көлігі қаққан жаяу жүргінші көз жұмды

510
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/photo-output-18.jpeg
Алматы облысында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Салдарынан жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Жол апаты 11 маусым күні Алматы – Өскемен тас жолының 75-шақырымында болған. Облыстық полиция департаменті оқиғаны растады. Ресми мәліметке сәйкес, Hyundai H350 маркалы жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі жол үстінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен. “Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – делінген полиция хабарламасында. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталу үстінде.
Комментарии