1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс Думада қалай қаралды?

2381
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Наурызбай ауданындағы №188 Бердібек Соқпақбаев атындағы мектепте «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына орай «1916 жылғы көтерілістің Мемлекеттік Думада қаралуы» атты арнайы дөңгелек үстел өткізді.

Оған белгілі жазушы, тарихшы Бейбіт Қойшыбай қатысып, тың тарихи деректермен ой бөлісті. «1916 жылғы көтерілістің тарихи мәнін лайықты дәрежеде тану үшін, оны зерттеу кезінде, барша құжаттық базаны бірге қарастыру маңызды. Зерттеуде орыс парламенті материалдары да болуға тиіс. Өйткені Ресей империясының Төртінші шақырылған Мемлекеттік Думасы көтерілістің себеп-салдарларын талқылап, үкіметке, министрлікке, жергілікті әкімшіліктерге жолданбақ депутаттық сауалдарды бекіткен еді» дейді Бейбіт Қойшыбай. IV Мемлекеттік Думада баян­дама жасаған депутаттардың сөзін алға тартып, ондағы назар аударатын деректерді атап көрсетті. Сондай-ақ дөңгелек үстелге қатысқан Наурызбай ауданының тұрғындары сол кездегі көтеріліс аймақтары мен жетекшілерінің архивтен алынған суреттерін көрмеден тамашалады. Дәстүрлі ән өнерін дәріптеуші Жоламан Құжиманов пен Еркін Нұрхановтың салған әндерін тыңдап, рухтанды.


Жадыра НАРМАХАНОВА  "Ана тілі"

 

Пікірлер