Көне қалалар күмбірі

2740
Adyrna.kz Telegram

Жақында экспедиция қазақ даласында ерте заманда тіршілік еткен Баласағұн қаласының орнына барып қайтты. Бұл шаһар VІ – ХІІІ ғасырдың аралығында Батыс түрік қағанатының ордасы болған. Ол 600 жылдан кейін Шыңғысханның үлкен ұлы – Жошы ханның басшылығымен жасалған шапқыншылықтан күйреген. Қазіргі кезде осы жерде әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ тарих факультетінің студенттері археологиялық тәжірибелерін өткізуде. Қазақ гео­графиялық қоғамының мүшелері де экспедиция ке­зінде тарихи қаланы зерттеп, әлеуметтік желіде архео­логиялық қазбаларға байланыс­ты мәліметтерін жариялап жатыр. Соның бірін экспедицияға қатысушылар аталған қоғамның facebook әлеуметтік желісіндегі парақ­шасында көрген жерлерін жазып, ойларымен бөлісуде. Бұған дейін Қазақ географиялық қоға­мының мүшелері Тараз қаласында болып, оның тари­хымен танысып қайтқан болатын.

Тараз – Қазақстанның ең көне қаласы. Оның тарихы терең­де жатыр. Шамамен 2000 жыл­дан астам уақыт бар.  Қала біздің дәуірімізге дейін 36 жылы салынған. Сол кезде қаланың аты Толосо деп аталған.  Ол «күрес» деген мағынаны білдірген. Бұл қала үшін талай шайқастар болған. Қарлұқтар, қаңлылар, арабтар, қытайлар, қарахандар жүздеген жылдар бойы осы шаһар үшін шайқасқан. Кейін қаланың аты әуелі Талас, сосын Тараз болып аталды. Тараз деген атау «таразы» деген сөзден шыққан. Қала бүкіл оңтүстік Қазақстанның сауда орталығы болып саналған.

Экспедиция жұмысын жалғас­тырып жатыр.


Дастан КЕНЖАЛИН

 

 

 

 

Пікірлер