Бүгін Геннадий Головкин 38 жасқа толды

3521
Adyrna.kz Telegram

Бүгін танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 38 жасқа толды. Головкин 1982 жылы 8 сәуірде Қарағандыда дүниеге келген.

Әуесқойлар арасында әлем чемпионы, 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, кәсіпқой бокста IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы.

The Ring журналының нұсқасы бойынша салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшы (2017 жылдың 27 қыркүйегі - 2018 жылдың 15 қыркүйегі). WBA, WBC және танымал Boxingnews24.com басылымының нұсқасы бойынша 2017 жылдың үздік боксшысы.

Геннадий Головкин жекпе-жегінің көбін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ол орта салмақта титулдарын 20 рет сәтті қорғап, Бернард Хопкинстің рекордын қайталады.

Биыл қыркүйекте Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізуі мүмкін. БАҚ-та хабарланғандай, тараптар трилогияның қаржылық шарттарын ауызша келіскен. Инсайдерлердің мәліметі бойынша, кездесу 12 қыркүйекке жоспарланған.

 

 

Пікірлер