Алматы облысында төрт саяжай карантинге жабылды

3280
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/04/vu2m5gcv.jpg

Алматы облысында төрт саяжай массиві жабылды. Ол жерде КВИ ауырған 9 жағдай тіркелді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Хабарламада: "COVID-19 диагнозы расталған 11-ші пациентпен байланыста болған азаматтар провизорлық госпитальға жатқызылып, олардан сол мезетте КВИ анализі алынған болатын. Қорытындылар алынып, 9 адамның індет жұқтырғаны анықталды. Облыстық штабтың келісімімен Еңбекшіқазақ ауданындағы бірден төрт саяжай массиві - "Алтын адам", "Көксай", "Алтын алма" жəне "Береке" карантинге  жабылды, - делінген. Облыс əкімінің тасырмасымен тұрғындардың тізімі жасалды, қажеттілігіне қарай олар азық-түлікпен жəне қызмет түрлерімен қамтамасыз етіледі. Еңбекшіқазақ ауданының бас санитар дəрігері қаулы қабылдады. Қазір карантин режимін қатаң сақтауды қамтамасыз ететін қызметтер жұмылдырылды.
Комментарии