Трамп: әлем Қытайдан шыққан кеселден қалжырады

3863
Adyrna.kz Telegram

Қытаймен тіресу арзанға түспейді. АҚШ президенті Дональд Трамп твиттерде осылай деп мәлімдеді. "Өте жақсы келісім жасағанымыз сол еді, оның сиясы кеппей жатып әлем Қытайдан шыққан кеселден қалжырады" деп жазды Трамп. Бұл туралы centralasian.org жазды.

Бұның алдында ғана Ақ үй басшысы Пекинмен бірге қабылдаған сауда келісімін қайта қарамайтынын айтқан. Ақпарат құралдарының мәліметінше, АҚШ-тағы коронавирус пандемиясына байланысты қалыптасқан жағдайды өз мүддесіне пайдаланғысы келген Қытай келісімді бұзып, одан да тиімді шарттарды мойындатқысы бар.

Бұл уақытта республикашыл сенатор Линдси Грэм "COVID-19 үшін жауапкершілік туралы" заң жобасын талқылауды ұсынды. Пекин коронавирус дертінің таралуы туралы барлық есепті бермесе, бұл құжат Трампқа Қытайға санкция салуға мүмкіндік береді.

АҚШ пен Қытай сауда-экономикалық келісімнің бір парасын биыл қаңтардың ортасында қабылдады. Құжатқа сәйкес, АҚШ екі жылда Қытай бағытындағы импортын 200 миллиард долларға көбейтіп, қытай тауарына салынатын америкалық салықты қысқартады.

АҚШ - коронавирустан ең қатты зардап шеккен ел. Соңғы мәлімет бойынша, Құрама Штаттарда COVID-19 вирусын жұқтырғандар жарты миллионға жуықтады. 84 мыңға жуық адам қатерлі індеттен көз жұмды.

Пікірлер