Зейнетақы жинағын үй аларда алғашқы жарна ретінде пайдалануға болады

3633
Adyrna.kz Telegram

БЖЗҚ-дағы қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын «5-10-20» жаңа мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысуға алғашқы жарна ретінде пайдалануға болады. Бұл туралы Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Ляззат Ибрагимова айтты деп хабарлайды "Адырна".

"Президенттің нұсқауы бар, қазір біз бұл мәселені Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, сондай-ақ БЖЗҚ-мен талқылап жатырмыз. Үкімет жақын уақытта анықтайтын жеткіліктілік коэффициентімен «5-10-20» бағдарламасына қатысу үшін алғашқы үлес ретінде оны пайдалануға рұқсат етіледі деп жоспарлануда" деді Ләззат Ибрагимова.

Жоба бойынша несиенің максималды мөлшерлемесі 5 пайызды құрайды, алғашқы төлем - 10 пайыздан бастап, несие мерзімі - 20 жылға дейін.

Еске салсақ, 11 мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «5-10-20» бағдарламасымен несиелік баспана ұсынудың жаңа жобасын іске қосуды тапсырған болатын.

Мемлекет басшысының айтуынша, биыл елімізде рекордтық құрылыс көлемі жоспарланған, 15 миллион шаршы метр немесе 150 мың пәтер мен үй.

Пікірлер