Білім министрі ата-аналардың петициясына жауап берді

2726
Adyrna.kz Telegram

Дәстүрлі іштей оқитын мектеп қайтарылсын» деген петицияны оқыдым. Қазақстанда келешектегі оқыту форматына алаңдап отырған ата-аналардың бәріне айтатыным, қашықтан оқыту – әлемдік Covid-19 пандемиясына байланысты бәріміздің қауіпсіздігіміз үшін қолданылған мәжбүрлі шара.

Біздің алдымызда нақты міндет тұрды - оқушылар мен білім қызметкерлерінің денсаулығын сақтау, сонымен бірге оқыту процесін үзбеу. ЮНЕСКО-ның мәліметіне сәйкес, бүкіл әлемде 1,5 млрд оқушы қашықтан оқытуға мүмкіндік беретін технологиялармен білім алуда.

Біз оқу үрдісін жалғастыру үшін қолдағы бар мүмкіндікті пайдаландық. Кейбір жағдайдың кездескені болмаса жалпы үрдіс ұйымдастырылды деп есептеймін.

Ешкім де дәстүрлі іштей білім беру формасын алып тастаған жоқ. Қашықтан оқыту – мәжбүрлі шара болды. Әлбетте алда да мұндай жағдайлармен бетпе-бет келген кезде байқау керек. Сол себепті Мемлекет басшысының тапсырмасымен біз тиісті жұмыстарды ұйымдастырудамыз.

Қашықтан оқытудың технологияларын дамытып, мектептерді ақпараттандыру жұмысын жүргізу керек. Мәселен, ауа райының бұзылуына байланысты оқушылардың оқудан қалуға мәжбүр болатын жағдайын алып қарастырайық немесе кейде бала үйінде оқуға мәжбүр болады.
Дәл қазір ең тиімді шешім іштей оқыту форматы екенін  бәріміз түсініп отырмыз. Келесі оқу жылы мектеп қабырғасынан басталар деген үміттеміз. Қазақстанда мектепке барып оқу форматы сол күйі қалады. 

 

Пікірлер