Мемлекет басшысы ұсынған "15-10-20" бағдарламасы бойынша үй алуда отбасылық табыс көлемі мен күнкөріс шегінің санаты зор маңызға ие екені айтылды.
Отбасының әр мүшесіне шаққанда ай сайынғы табыстың мөлшері 3 күнкөріс шегінен аспаса, онда олар "5-10-20" бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов осындай деп мәлімдеді.
Егер отбасының әр мүшесіне санағанда ай сайынғы табыс 1 күнкөріс шегі немесе 31,2 мың теңгеден аспаса, онда арендалық пәтер ұсынылады екен. Яғни, баспана азаматтар санаты бойынша емес, әр отбасы мүшесіне шаққандағы табысқа байланысты.
Отбасының әрбір мүшесіне шаққанда кіріс 2 күнкөріс шегі немесе 62,4 мың теңгені құраса, "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша жылдық 2%-пен ипотека беріледі. Яғни, мұндай азаматтар "2-10-20" бағдарламасына қатыса алады.
Әр отбасы мүшесіне шаққанда ай сайынғы табыс 3 күнкөріс шегін, 96 мың 700 теңгені құраса, баспана жаңа "5-10-20" бағдарламасы бойынша ұсынылады.
Ал кірісі әр отбасы мүшесіне санағанда үш және одан жоғары күнкөріс шегінен асса, онда екінші деңгейлі банктер арқылы "7-20-25" бағдарламасына қатысып, баспаналы болуға мүмкіндік бар.
"Адырна" ұлттық порталы