Палестина-Израиль: Таяу Шығыста жаңа соғыс

3206
Adyrna.kz Telegram

Кеше Палестина Израиль елімен жасасқан барлық келісім шарттан шығып кетті. Әскери, экономикалық келісімдер қоқысқа тасталды. Оған Израильдің алдағы уақытта Иордан өзенінің бойындағы аймақтарды аннексиялайтыны себепкер болды. Бұл Таяу Шығыста тағы бір қырғын басталып кетуі мүмкін дегенді білдіреді.

Палестинада екі фракция бар. ФАТХ пен ХАМАС. Ол нағыз бір-біріне қарсылас фракциялар. 2005 жылы екеуінің арасында нағыз соғыс басталып, 2007 жылы ХАМАС ақыры жеңіп шықты. Екеуі бейбіт келісімге келді. Сомен қазір Палестинада билікте ХАМАС пен ФАТХ отыр, Палестина президенті Махмуд Аббас ФАТХ партиясынан, ал Парламент спикері Абдель Азиз ХАМАС-тан. Екеуі де Израиль басып алуға ниетті Иордан өзенінің батысын күзетеді. Жартысын ХАМАС, жартысын ФАТХ қадағалайды.

Бір қызығы ФАТХ-ты Еуропа елдері мен АҚШ заңды деп мойындаса, ХАМАС террорлық ұйым деп танылған. Бұл да зерттейтін, қызық тақырыптардың бірі. Палестинада әскери тұрғыдан бәрібір ХАМАС мықты, сондықтан қазіргі жағдайда Махмуд Аббастың авторитеті президент болса да жоғары деп айта алмаймын. Мысалы ХАМАС Сирия соғысына қатысты. Башар Асад әскеріне қарсы соғысты, ақыры Иран-Сирия әскерилерінің біріккен күштерінен жеңіліс тауып, "ИГИЛ Палестинаға басып кіре ма" деген қауіпті сезіп, кері қайтты.

Израиль өте оңтайлы сәтті пайдаланып отыр деп ойлаймын. Біріншіден Тель-Авив дәл қазіргідей АҚШ-тың қолдауына бұрын ие болмаған еді. Екіншіден Иран ХАМАС-ты қолдауға ниетті емес. Сириядағы опасыздығын ұмытқан жоқ. Үшіншіден Нетаньяху үлкен саяси жанжалдардан кейін, билігін күшейту үшін енді ел халқының назарын басқа жаққа аудару керек. Иорданның батысын алса, еврейлер бір серпіліп қалары анық. Өйткені ол аймақ егін егу мен мал шаруашылығына қолайлы саналды. Сондай-ақ Израильдің қас жауы Ливанның өзінде ішкі толқулар болып жатыр. Израиль сөзсіз ХАМАС-ты бір аптада талқандап тастайды. Бірақ геосаяси жағын да ойлаған дұрыс.

Ливан билігі құлағалы тұр. Ішкі толқулар өршуде. Билігін сақтау үшін элита халқын осы қырғынға бағыттап жіберуі мүмкін. Содай-ақ Иранның да экономикасы тым нашарлап кетті. Вирус санкция үстіне тағы мәселе болып тұр. Абыройы шайқалған Аятолла да осы ойынға кірісуі мүмкін. Президент Аббастың Ресейге жақындығы бар. Сирияда оқыған, Ресейде білім алған, Путинмен әмпей-жәмпейі бір. Бұл да бір қызық. Сөзсіз Израиль Иорданның батысын алады, бірақ содан кейін не болады? Міне мәселе қайда. Израиль аларын алып, бәрі тек бұртиюмен бітуі де мүмкін әрине. Қазір барлық күштерге ішкі экономика нашарлап, халық наразылығы күшейгенде, сырттан жау іздеу ауадай қажет.

ПыСы: БҰҰ бұл мәселеде түк шешпейді. Күмәніңіз болмасын.

Асхат Қасенғали

Пікірлер