Мас жүргізуші екі полицейді жазым қылды

1987

Алматыда мас жүргізуші бақылау-өткізу бекетін бұзып өтпек болды, деп хабарлайды adyrna.kz Алматы ПД-ге сілтеме жасап.

Департаменттің мәліметінше, таңғы сағат 05:06-да Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданында Жаңа Ғасыр көшесімен қиылыста, Кожабекова көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан 1992 жылы туған “BMW” маркалы автокөліктің жүргізушісі, А. есімді қала тұрғыны №4 бақылау-өткізу бекетіне соқтығысқан.  Алдымен ол бетон қоршауға барып соғылған, кейін соның екпінімен патрульдік көлікті соққан. Көлік ішінде екі полиция қызметкері болған.

Хабарламада: "Өкінішке қарай, полицейдің екеуі де қаза тапты. Алдымен 42 жастағы Жалғас Жанғазиев алған жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. Ол Батыс Қазақстан облысында туған. Ішкі істер органында 2001 жылдан бері жұмыс істейді. Артында әйелі мен екі қызы қалды. Оның әріптесі, Дастан Абдықанов жақын жерде орналасқан ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілгенімен дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Ол 1994 жылы туған Алматы тұрғыны. Ішкі істер органында 2016 жылдан бері жұмыс істейді. Оның да артында әйелі мен бір қызы қалды", - делінген. 

“BMW” жүргізушісі қамауға алынды. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алматы Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы қызмет бабында қайтыс болған Жалғас Жанғазиев пен Дастан Абдықановтың отбасына қайғырып көңіл айтады және орны толмас қайғыға ортақтасады, - дейді аталған мекеме хабарында.

 

Фото: интернет желісінен

Пікірлер