Табиғат сұлулығын көрсететін фотобайқау жарияланды

243

«QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі «Менің Қазақстаным» атты жыл сайын өткізілетін фотобайқауды жариялады.

Байқау Қазақстанның экологиясына арналған және қоғамның назарын біздің ұлан-байтақ еліміздің табиғатына аудару және оны сақтау қажеттілігі, туған елге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу және табиғи байлыққа ұқыпты, жауапты қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Байқауға қатысушылар өз жұмыстарында таза табиғатты да, экологиялық қауіп-қатерден көз жұмған табиғатты көрсете алады. Міндетті шарт - барлық суреттер Қазақстанда жасалуы тиіс.

Байқау барлық жастағы әуесқой және кәсіби фотографтар үшін ашық. Әр қатысушы Қазақстанның флорасы мен фаунасы, табиғаты, экологиясы мен қоршаған ортасы секілді үш санат бойынша 10 фотосуретке дейін ұсына алады.

«Біз заманауи, креативті және резонанстық, күрделі, ерекше және әдемі жұмыстарды ынталандырамыз. Алайда, қоршаған ортаға қамқорлық жасауды бастауға және адамзаттың табиғат алдындағы жауапкершілігін арттыруға шабыттандыратын бейнелерді бағалаймыз», - дейді ұйымдастырушылар.

Фотосуреттер 30 тамызына дейін қабылданады.

Ең үздік жүмыстар «Экология және жасыл өсім саласындағы ынтымақтастық» тақырыбында Көкшетау қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының халықаралық форумы аясында қойылады. Байқау жеңімпаздары біздің сайт пен әлеуметтік желіде жарияланады.

Фотобайқауға қатысу үшін qazaqgeography.kz сайтында тіркеліп, қоғамның мүшесі болу қажет.

Айта ктерлігі, QazaqGeography география, климат; қоршаған орта, табиғат ресурстары; биоалуантүрлілік; туризм, саяхат, өлкетану; тарихи-мәдени мұра, этнография секілді бес бағытта жұмыс істейді.

ҚазАқпарат

 

Пікірлер
Редакция таңдауы