Аида Балаева Ұлттық жоспар аясында БАҚ саласын дамыту бағыттарымен таныстырды

590

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева отандық БАҚ саласын дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел жиынында министрліктің таяу болашақтағы жоспарларымен таныстырды.

Министрдің айтуынша, саланың барлық бастамалары Үкіметтің бекітуімен 2020-2022 жылдарға арналған «Ақпарат саласын дамытудың ұлттық жоспарына» біріктірілген. Соған сәйкес отандық ақпарат кеңістігін дамытудың үш негізгі бағыты анықталып отыр. Олар – бұл бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру; адами капиталды дамыту; ақпарат саласындағы заңнама мен құқықтық мәселелер.
– БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін мемлекеттік қолдаудың бірқатар тәсілдері қайта қаралады. Әрине, ең алдымен, әңгіме өңірлердегі мемлекеттік ақпараттық тапсырысты жетілдіру туралы болып отыр. Бұдан бөлек, талдамалық және мультимедиялық контенттің үлесін арттыру арқылы мемлекеттік тапсырыстың тиімділігін жетілдіруді қолға алатын боламыз. Өз кезегінде бұл қадам отандық БАҚ сапасын көтеру бойынша тағы да бірқатар шараларға түрткі болғалы тұр, – деді Аида Балаева.

Пікірлер