Ойнауға, мұңаюға,сағыз шайнауға, тіпті өлуге де тыйым салынған елдер бар

1020

Туристер түрлі елдерді аралаған кезде, олардың мәдениетіне таң қалып жатады. Тіпті бұл мемлекеттердің заңға қайшы дүниелерін білмей, жазаға ұшырайтындары да бар. Сол себепті саяхаттау барысында  келеңсіздіктерге ұшырамау үшінәлем елдерінің таң қалдырарлық тыйымдарын біліп алуға кеңес береміз.

Көк джинсы киюге тыйым салынған

 Егер сіз Солтүстік Кореяға баратын болсаңыз, киім таңдауда өте абай болыңыз. Барлық адамдарға ұнайтын көк джинсыге бұл елде тыйым салынған. Үкімет оны батыстық тенденцияларды бейнелейді деп санайды. Тыйымның бұзылуы жергілікті тұрғынның еңбек лагерінде жұмыс жасауына әкеледі. Сену қиын, бірақ Солтүстік Корея шаш үлгісіне де аса назар аударады. Елде ерлерге 10, әйелдерге 18 түрлі шаш үлгісінің нұсқасын жасау рұқсат етілген.

Сағыз шайнай алмайсыз

Егер сізге Солтүстік Кореяға бару қиын болса, Сингапурге саяхат жасап көруіңізге болады. Ең бастысы, бұл мемлекетте туристердің әмиянына үлкен мәселе  тудыруы мүмкін көптеген тыйымдардың бар екенін ұмытпаңыз. Сингапурде 1998 жылы сағызға тыйым салынды. Сіз оны  импорттай алмайсыз. Елде сағызды шайнауға және оны көшеге түкіруге болмайды.

"Киндер-сюрприз" жемеңіз

 "Киндер-сюрпризді"  ұнатасызба? АҚШ-та «Kinder Surprise» балаларға арналған тәттілерін әкелуге және сатуға тыйым салынған. Америкалықтар үшін барлық талаптарға сай келетін «Киндер Джой» тәттісі бар. Айтпақшы, Kinder жұмыртқаларын әкелгеніңіз үшін 2500 доллар көлімінде айыппұл төлейтініңізді ұмытпаңыз.

 Ойын ойнауға болмайды

 Грецияда компьютерлік ойындарды ойнауда  абай болыңыз. Бұл елде кез-келген электронды ойын түрлеріне тыйым салынған. Мұндай тыйым құмар ойындарына байланысты енгізілді. Бірақ заң қай ойынның құмар ойыны болып саналатынын реттемеді. Туристтер білместіктен заңды бұзып жатады. Есіңізде болсын, ойын ойнағаныңыз үшін түрмеге  жабылуыңыз әбден мүмкін.

Жарық шамын ауыстырмаңыз

 Австралияның Виктория штатында тұрмыстық жұмыстарды жасау кезінде аса мұқият болу керек. Мысалы, сізде электрик лицензиясы болмаса, шамды өзіңіз ауыстыра алмайсыз. Заңға бағынбасаңыз, 10 австралиялық доллар (шамамен 2500 теңге ) айыппұл төлейсіз.

Өлуге тыйым салынған

 Жарық шамын ауыстыруды қойшы, кейбір елдерде қайтыс болуға тыйым салынған. Иә, өзіңіз қалаған нәрсені жасаңыз, тек бұл жерде өлмеңіз. Мұндай заң Францияның оңтүстігіндегі Ле-Лаванду, Сарпур, Кунхо коммуналарында, Испаниядағы Ланжарон мен норвегиялық Лонгйирде қолданылады.  Бұл тыйымдар зираттардың көптігімен, әрі жерлеу қиындықтарымен байланысты пайда болды.

Су мылтығын қолдаңбаңыз

Сіз су мылтығынан су шашып ойнағанды ұнатасыз ба? Камбоджада мұндай ойыншықтармен көңіл көтере алмайсыз. 2002 жылы елде ойыншықтардың осы түрін қолдануға тыйым салынды. Заң мереке кезінде жазатайым оқиғалардың жиі орын алуы салдарынан енгізілді.

Үнемі күліп жүріңіз

 Италияның сән астанасында эмоцияларыңызға мұқият болыңыз. Мәселен, Миланда мұнайып жүруге тыйым салынған. Көңіл-күйі жоқ адамды ауруханадан немесе жерлеу рәсімінен көре аласыз. Басқа қоғамдық орындарда сіз күлуіңіз керек, өйткені полиция көңілсіз жүргеніңіз үшін айыппұл сала алады.

Сары түсті киім кимеңіз

Малайзия елінде киім түсін таңдау барысынасақ болу керек. Бұл елде сары түске тыйым салынған. Егер сіз сары түсті киім кисеңіз, айыппұлмен жазаланасыз. Бұл заңды ішкі істер министрі Хишамуддин Хусейн қабылдады. Ол оппозиция тарапының  елде «сары» митингтер өткізуіне байланысты пайда болды.

Құрметті оқырман, жоғарыда көрсетілгендей таңқаларлық заңдар әлі де өте көп! Шетелге бармас бұрын, сол мемлекеттердің тыйымдарын мұқият оқып, зерделеуге кеңес береміз.

Дайындаған   Диана АСАНОВА

Пікірлер
Редакция таңдауы