Тоқаев: Көктемдегідей қатаң карантин енгізіледі

11040
Adyrna.kz Telegram

Қатаң карантинді Қазақстанға қайтадан қайтару керек, - деп мәлімдеді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Ағымдағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша шұғыл шараларды қабылдау үшін, мемлекеттік комиссияға осы жылдың наурыз-мамыр айларындағыдай қатаң карантин енгізу туралы ұсынысты әзірлеуді және маған енгізуді тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы тұру жөніндегі кеңес барысында.

Президент сондай-ақ ведомствоаралық комиссия өзіне жүктелген міндетті атқаруға шамасы жетпеді. Мұны ашық мойындау керек деп мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев адамдардың әрқайсысы жұмысқа баруды ойлағанын, кәсіпкерлік арқылы экономикалық жағдайын түзеуге ұмтылғанын, туыстары мен жақындарына қонақ болуға асыққанын айта келе, елімізде эпидемияның екінші толқыны белең алғанына тоқталды. Жағдайды қайта бақылауда ұстау үшін кезек күттірмейтін шаралар қабылдау қажеттігін ескертті.

Еске салайық, кездесу барысында Президент Шымкент, Ақтөбе және Павлодар облыстарының әкімдеріне, сондай-ақ ведомствоаралық комиссияның жетекшісі Ералы Тоғжановқа сөгіс жариялады.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдері Алтай Көлгінов пен Бақытжан Сағынтаев, цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевке ескертулер айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, елде, ресми мәліметтерге сәйкес, 21 327 инфекция жағдайы тіркелді, оның ішінде 12 933-і емделуден кейін қалпына келді, 183-і қайтыс болды. Ауырып жатқандар 8,2 мың адам. Коронавирусты клиникалық белгілері жоқ жұқтырғандардың саны 16 639 адамды құрайды.

Бір апта ішінде симптомсыз адамдар саны екі есе өсті - 9809-дан 15 573 адамға дейін.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер