ШАЛҚАР НҰРСЕЙІТОВ: Пандемия кезінде пир жасауға не себеп?

1026

Осы күнге дейін экс-президент Н.Назарбаевтың туған күні “таза сәйкестікпен” Астананың туған күнімен бірге жалпыұлттық деңгейде тойланып келді. Мемлекеттік бюджеттен қаншама миллиардтар кетті. Туған күнді тойлауға кететін шығынның көлемі жыл санап өсті.

Мәселен, 2014 жылы Астана әкімдігі туған күнге 700 млн теңге жұмсаса, 2018 жылы қаланың 20 жылдығына мемлекеттік бюджеттен 19 млрд теңге кетті. Одан бөлек облыс пен қала әкімдері жеке-жеке Н.Назарбаевтың тапсырмасымен туған күнге құны бірнеше жүз миллион теңгеден бастап 1,5 млрд теңгеге дейін жететін сыйлық тарту етті. Былтыр 20 наурызда Қ.Тоқаев қаланың атын өзгертуді ұсынып, бүкіл ”элитаның” алдын орап, 6 шілдеге бастығына естен кетпес сыйлық жасады.

Биылғы 80 жылдық юбилейге нұрсұлтандық шенеуніктер былтырдан бері дайындалса, еш таң қалмаймын. Бірақ ақылға салсақ, олардың жоспарына коронавирус әсер етуі тиіс еді. “Элитаның” бойында тамшыдай болса адамгершілік болса, күн сайын қазақстандықтар сол “элитаның” саясатындағы олқылық пен салақтықтан көз жұмып жатқан кезде пандемияда пир жасаудан бас тартар еді. Өкінішке қарай, олардың туған күнде патилату жоспары қатты өзгере қоймады.

Менің ойымша, “элитаның” осындай маразмге жол беруіне екі себеп бар. Бірінші себеп — әулеттің өкілдері, Н.Назарбаевтың ең жақын шенеуніктері мен олигархтары, саяси салмағы бар атқамінерлер пандемияға қарамай әлі күнге дейін параллель әлемде өмір сүріп жатыр. Жыл сайын туған күнді думандатып тойлауға үйреніп қалған олар биыл да патилатуға дайын отырған сияқты. Мәселен, Алия Назарбаева Инстаграмда папасының туған күнін бүгіннен бастап тойлауға кірісіп кетті.

Екінші себеп — туған күнді жыл сайын ұйымдастыру кейбір пысықайларға саяси ұпай жинаумен қатар мембюджет есебінен бірнеше миллиард “бизнес” жасайтын мүмкіндік сыйлайды. Олардың бизнес жоспарының қасында азаматтардың өмірінің құны көк тиын.

Әдеттегідей It’s Personal and It’s Business.

Шалқар Нұрсейітовтың желідегі жазбасынан

Пікірлер
Редакция таңдауы