"Білім" тарифтік жоспары іске қосылады

2764
Adyrna.kz Telegram

Жақында оқушылар мен студенттерге арналған арнайы тарифтік жоспар іске қосылады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірінші вице-министрі Бағдат Муссин хабарлады.

- Осы тамыз айының 20-нан кейін мұғалімдерге, оқушылар мен студенттерге арналған «Білім» арнайы тарифтік жоспары қолжетімді болады. Бұл мәселені ҚР Білім және ғылым министрлігімен және байланыс операторларымен бірлесіп пысықтадық.

Осы орайда, қазақстандық білім беру ресурстарына шектеусіз қосылуды қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық меморандумына қол қойдық.

«Білім» арнайы тарифінің абоненттік төлемі айына 990 теңге. Бұл тарифтік жоспар қазақстандық бейнеконференция байланыс жүйелерін қоса алғанда, БҒМ мақұлдаған 380 отандық білім беру ресурсын шектеусіз пайдалануға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, байланыс операторлары қосымша 1 ГБ интернет трафигін ұсынады.

Сонымен қатар, тіркелген байланыс операторларымен бірлесіп мектептерде интернет жылдамдығын 8 Мбит/сек дейін қосу/арттыру бойынша талдау жұмыстары жүргізілді -, деді вице-министр.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер