Қашықтан оқу қиын емес: білім алушыларға арналған тарифтік жоспар іске қосылмақ

4059
Adyrna.kz Telegram

«Білім» арнайы тарифінің абоненттік төлемі айына 990 теңгені құрайды

Қазіргі таңда елімізде 500 мың бала интернетсіз отыр, ал 185 мың оқушының қашықтан білім алуына қажетті техникасы мүлдем жоқ. Компьютерлерге қол жеткізу тіпті 24 мың мұғалімге де арман болып қалған. Әлемдік індет Қазақстанның цифрлы мемлекет болуға әлі дайын еместігін көрсетіп берген болатын.

Бірақ!

Жаңа оқу жылында жаңа бастамалармен іске кіріскен білім министрлігі тағы бір жаңалығымен қуантты. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қашықтан білім беруді қолдау мақсатында мектеп оқушылары мен студенттерге және мұғалімдерге арналған арнайы тарифтік жоспар шығару мәселесін қарастырған болатын. Министрдің міндетін атқарушы Бағдат Мусиннің айтуынша, білімгерлер үшін  енді 380 білім беру ресурсыншектеусіз пайдалануға мүмкіндік бар.

Бағдат МУСИН:

«Білім» тарифтік жоспарының абоненттік төлемі айына 990 теңге. Бұл қызмет 20 тамыздан кейін іске қосылады. Сондай-ақ, байланыс операторлары 1 ГБ интернет трафигін қосымша ұсынады».

Сонымен бірге, операторлардың мектептердегі интернет жылдамдығын

8 Мбит/сек дейін арттыру мүмкіндіктері қарастырылып жатыр. Қазіргі таңда Білім және ғылым министрлігі жаңа тарифтік жоспарға қосылу шарттарын бекітуде.

Айта кетейік, қыркүйекте 2 млн 600 мың бала сабақты қашықтан оқуды бастайды. Оқушыларға техникалық құрылғылар уақытша пайдалануға берілмек. Алдыңғы кезекте әлеуметтік аз қамтылған жанұялар мен жетім балалар және көп балалы отбасылар қарастырылатын болады.

Аяулым ӘБІЛДА,

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер