Алматы облысында із-түзсіз жоғалған жасөспірім өлі күйінде табылды

2386
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында осы жылдың 30 тамызында хабар-ошарсыз кеткен 17 жасар Равиль Авамуслимовтың денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, жасөспірімнің денесін Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының 45 жастағы тұрғыны тапқан. Ер адам 11 қыркүйекте полицияға қоңырау шалып, Шелек ауылынан үш шақырым жерде көл жағасында балық аулау кезінде жас жігіттің жансыз денесін көргенін хабарлаған.
Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы марқұм жоғалып кеткендер тізімінде тұрған 17 жасар Равиль Авамуслимов екенін анықтады.
Жасөспірімнің өлімінің себебі белгісіз. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Еске сала кетейік, Равиль Авамуслимов биыл 30 тамызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында жоғалып кеткен. Полицияға баланың туыстары жүгінді. Уәкілетті органдар еріктілермен бірге жасөспірімді белсенді түрде іздестірді.

Пікірлер