Мұқағали Мақатаев туралы фильм көрерменге ұсынылмақ

4379
Adyrna.kz Telegram

Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толды. Күллі ғұмырын қазақ өлеңіне арнаған ақдауыл ақынның осынау мерейтойына арнап "Қазақфильм" студиясы да атсалысып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" Ұлттық порталы.

«Қазақфильм» киностудиясының facebook.com парақшасында жазуынша: "Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдық мерейтойы қарсаңында, ұлтымыздың ақиық ақынының аталғалы отырған бесінші мерейтойын осы жолы ерекше өткізуге «Қазақфильм» киностудиясы да аянбай ат салысуда. Назарыңызға ұсынылып отырған суретте кинотеатрлар ашылған кезде алғашқы болып көрерменге жол тартатын, режиссер Болат Қалымбетовтың «Мұқағали» көркем фильмінің түсірілім барысы.

Мұқағали дегенде ең алдымен ойға оралатын оның сыршыл да нәзік лирикасы 50 жыл өтсе де ел есінен ұмытылған емес. Ал сіздің ақынмен алғашқы таныстығыңыз қалай болды, ең бірінші ойыңызға оралатын өлеңі қандай?", деп жазған.

Естеріңізге сала кетсек, фильмнің түсірілім жұмыстары 2019 жылдың маусым айында басталған. Негізгі эпизодтар Алматы облысы мен Алматы, Өскемен қалаларында және Санкт-Петербургте түсірілді. Картина ақын өмірінің соңғы жылдарындағы бастан кешкен алуан тағдыр жолын бейнелейді.

1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысына қарасты қазіргі Райымбек ауданының Қарасаз ауылында өмір есігін ашқан. 1976 жылдың 27 наурызында Алматы қаласында  науқастан қайтыс болған ақынның соңында өлмес жырлары мен аудармалары қалды.

 

 

Пікірлер