11 жасар бала коронавирустан қайтыс болды

1868
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстанда коронавирус инфекциясы салдарынан болған жас жеткіншектің өлім оқиғасы тіркелді. Індет салдарынан 11 жасар балақайдың жағдайы күрт нашарлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясының ушығып кетуі салдарынан орын алған 11 жасар баланың өлімін ресми түрде растады. Бұл туралы centralasia.media сайтында хабарланды. Министрліктің мәліметінше, қауіпті індет өмірін жалмаған жас жеткіншек Ташкент облысының тұрғыны болған. 17 қыркүйектегі статистикаға сәйкес, өткен тәулікте ел бойынша алты адам көз жұмған. Олардың барлығы Ташкент қаласы мен Ташкент облысынан шыққан. Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда Өзбекстанда корогавирус инфекциясынан 415 адам қайтыс болған.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 78 адам анықталды. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 107 134-ке жетті.

Пікірлер