Билл Гейтс пандемияның қашан аяқталатынын болжады

491

Microsoft негізін қалаушы, мультимиллиардер және филантроп Билл Гейтс COVID-19 пандемиясы қашан аяқталады деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Жақсы болжам айтсақ, 2022 жылға қарай пандемия аяқталуы мүмкін. Бірақ бұл проблеманы әлемдік масштабта алып қарасақ, 2021 жылы біз ауру жұқтырғандардың санын азайтуымыз керек", - деді Гейтс Fox News басылымына сұхбатында.

Еске салайық, Гейтс коронавируспен күрес үшін 650 миллион доллар бөлді. Бұл - дүние жүзі бойынша мұндай мақсатқа қаржы бөлген ірі қайырымдылық.

 

 

 

Пікірлер
Редакция таңдауы