Елбасы Тоқаевты не себепті мемлекет басшысына ұсынғанын айтып берді

3537
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты не себепті мемлекет басшысына ұсынғанын айтып берді. Ол бұл туралы «Абай аманаты» мақаласында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Елбасы президент ретіндегі өкілеттігін өз еркімен тоқтату туралы шешім қабылдамас бұрын болашақ ел басқарар азаматқа қажет қайраткерлік тәжірибе мен тағылым жайына асықпай, зер сала қарағанын атап өтті.

«Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап менімен бірге жұмыс істеген Қасым-Жомарт Тоқаевтың адал әрі жауапкершілігі жоғары азамат екенін есепке алмағанда, оның елдегі ішкі жағдайды саралап қана қоймай, шығыстың да, батыстың да тілдерін меңгергендігін, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарғанын, әлемдік саясаттағы Қазақстанның орнын байыптай алатын дипломаттық қырын да ескердім. Сондай-ақ, өзім айрықша мән беріп келе жатқан ел бірлігі мәселесі мен адамзаттық құндылықтарды үйлестіру қабілетіне сенім арттым»,-деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Еске сала кетейік, Қазақстанның тұңғыш президенті өкілеттігін 2019 жылдың 19 наурызында өз еркімен тоқтатқан еді. Конституция бойынша мемлекет басшысының міндеті сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтті. Өткен жылдың маусымында Тоқаев сайлаушылар даусының 70,96 % иеленіп, ҚР 2-президенті болып сайланды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер