Елордалық жастарға шағын гранттар тағайындалды

3008
Adyrna.kz Telegram

2020 жылдың 8 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Волонтерлік жобаларды қолдау» атты шағын гранттар конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізді.

Марапаттау рәсімінде жобалары ең үздік деп табылған 22 белсенді жас 300 000 теңгенің иегері атанды. Шара шымылдығын атақты, дәулескер күйші Ардаби ашып, құттықтау сөзді филология ғылымдарының докторы, дипломат, экс-сенатор Ахметов Әділ Құрманжанұлы алды.


Гранттар конкурсының марапаттау рәсіміне Жастар саясаты мәселелері басқарма басшысы Дәулет Кәрібек, «Асыл адам» қайырымдылық қорының президенті Сулкеева Айнұр Жанатқызы, ҚР Ұлттық музейі «Халық мұрасы» бөлімінің басшысы Ақан Оңғарұлы, ҚР Ұлттық музей директорының орынбасары Айбар Қасенәлі, волонтер-дәрігер, ақын, Жазушылар Одағының мүшесі Ұларбек Дәлей, «Ұлттық волонтерлік желісі» ұйымының республикалық координаторы Жұмашова Айсұлу қатысып, 22 жеңімпазға ақжарма тілектерін арнап, сәт-сапар тіледі. Шара барысында Қазақ Ұлттық өнер университетінің түлектері Мақпал Дүйсен мен Ернар Мұхамед әсем әндерімен қонақ көңілін көкке жеткізді.

Шара ұйымдастырушысы, «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің басшысы Арман Әубәкірдің мәлімдеуінше, оқушы, студент жастар мен әлеуметтік топтарға білім беруге бағытталған, мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдауға арналған, медициналық бағыттағы және карантин кезінде іске асырылатын, жастар белсенділігін дамытуға арналған жобаларға комиссия тарапынан ден қойылды. «Мемлекеттен 22 жеңімпазға бөлінген қаражат волонтерлердің жеке бастарына емес, өз жобаларын іске асыруға және жоба аясында қоғам әлеуетін көтеруге бағытталды»–деді.

 

Толық ақпарат: 8 747 933 91 09.

 

 

Пікірлер