Оңдасын Оразалин Қарғалы ауданында болып, “Жұмыспен қамтудың жол картасы” бағдараламасы аясында атқарылған жұмыстармен танысты

2402
Adyrna.kz Telegram

14-қазан, сәрсенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Қарғалы ауданында болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Аймақ басшысы Бадамшадағы жолдардың жөндеуін қарады. Ауданда “ Жұмыспен қамтудың жол картасы” бағдарламасы бойынша биыл 10 жоба іске асырылады. Аудан орталығында 9 көшеге асфальт төселіп, 7 көше жарықтандырылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жолдарға бейнебақылау орнатылды. Көпқабатты тұрғын үйлердің 6 ауласына жөндеу жүргізіліп, ойын алаңдары пайда болды. Қарғалы ауданында 2021 жылы қосымша 8 ауланы жөндеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, облыс әкімі мемлекеттік бағдарлама бойынша 70 орындық интернатпен бірге салынып жатқан 300 балаға арналған мектептің құрылысын бақылады. Оңдасын Оразалин аталған құрылыстың сапасын бақылай отырып, жыл соңында аяқтауды тапсырды. Өңір басшысы бұдан соң Қос Естек ауылында болды. ЖҚЖК-сы бойынша құны 57 млн тг күрделі жөндеуден өткен балабақшаның жағдайымен танысты. Салынғанына 30 жылдан астам уақыт болған мектепке дейінгі мекеме заман талабына сай жабдықталып, қажетті материалдармен қамтылған.

Қос Естек ауылдық әкімдігі биылғы жылы мемлекеттік бағдарлама аясында бой көтерген жаңа ғимаратқа қоныстанды. Мұнда әкімдік қызметкерлерінен өзге, учаскелік полиция бөлімі мен ветеринария мамандары да орналасатын болады. Нысанды салуға 35 млн тг қаржы қаралды. Өткен жылы ЖҚЖК бойынша ауылдық клуб пайдалануға берілсе, биыл тұрғындардың демалуына арналған саябақ салынды. Ауылдық округтегі 4 көше жөнделіп, жарықтандырылды. Көшелерді қалыпқа келтіру жұмыстары одан әрі жалғасып, ауылға кіреберіс жол құрылысы қарқын алды. Айтып өтейік бағдарлама аясында Қарғалы ауданында 200-ге жуық азамат уақытша мерзімді жұмыспен қамтылды.

“Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы іске асырылып отыр. Бағдарлама халықты жұмыспен қамту мәселелерін жедел шешу және қосымша жұмыс орындарын құруға, әлеуметтік, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, елді мекендерді абаттандыру бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен жұмыссыз азаматтар санының өсуіне жол бермеуді көздейді, жоспарланған жобалар сапалы, уақытылы іске асырылуы қажет”,- деген облыс әкімі аудан басшысы Асқар Жүсібәлиевке алдағы жылы да көшелерді асфальттау жұмыстарын белсенді жүргізуді тапсырды.

Пікірлер