Ақтөбеде туған америкалық ару ата-анасын іздеуде

2073

Ақтөбеде дүниеге келген америкалық бойжеткен Ян Герати биологиялық әке-шешесін іздеуде, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бұл туралы ол Facebook-тегі Қазақстан-Америка қауымдастығы тобында жазды.

«Туған отбасымды табуға көмектессеңіздер, риза болар едім. Кез келген көмек түрі мен үшін аса маңызды»,-деді Герати.

28 жастағы ару қазіргі таңда АҚШ-та тұрады. Янды америкалық ата-анасы 10 жасында асырап алған. Айта кетерлігі, бауырына басқан адамдар қыздан жасөспірім кезінде бас тартқан екен.

«Мен олармен араласпаймын, сондықтан қандай да бір ақпаратты алу қиын. Өзімнің шыққан тегімді білгім келеді»,-деп сөзін толықтырды ол.

Бойжеткен бүгінде АҚШ армиясында қызмет етеді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы