Әлемдегі кедейліктің себебі неде?

236

Әлемдегі ең бай және ең кедей елдерді анықтау ісімен Дүниежүзілік банк сарапшылары айналысады. Олар әр елдің халықтың жан басына  шаққандағы жалпы ұлттық кірісі мен жалпы ішкі өнім көлемін, экспорт, мемлкеттік кіріс деңгейін есепке алады. Тіпті жұмыссыздар санының көп болуы мен қылмыстың деңгейдің жоғары болуына байланысты кейбір  мемлекет ең кедей елдер қатарына кіріп кетуі əдбен мүмкін екен.  

Статистика бойынша  əлемдегі 54 ел 1990 жылдан бастап кедейлік деңгейінен жоғарыламаған. Керісінше  кедейлікке түскен. Ал дамыған мемлекеттердің жағдайы қалай екен?! Соған бір көз жүгіртіп өтсем.   Дамыған  мемлеккеттердің өзінде кедейлік көрсеткіші төмен болғанымен ол мемлекеттерде жұмыссыздық көрсеткіші мəз емес. Демек жұмыссыздық бар жерде кедейлік қоса жүреді. Осы кедейліктің əсерінен жоғарыда атап өткендей елде қылмыс деңгейі жоғарылап, ұрлық- қарлық  көбейіп, ел тыныштығын бұзады. Мен əлемдегі  ең кедей 3 мемелекетті алдым: Конго мемлекеті – тұрғындары аштықтан қайтыс болып жатыр. Либерия – елдегі кедейлік деңгей өте жоғары,  сол себепті дамыған мемлекеттер ол мемлекеттке ақшалай көмек беріп жатыр. Бірақ кедейлік деңгейі əлі өзгермеген. Орталық Африка республикасы – 2016 жылғы көрсеткіште бірінші орынға шығыпты.

Аталған үш мемлекетте кедейлік неге жоғарғы деңгейде деген сұраққа мен былай жауап берер едім.

Біріншіден, ел экономикасы нашар. Екіншіден, халыққа қолайлы жағдай жасалмаған. Үшіншіден,  жұмыссыздық белең алып тұр .

Кедейлік дегенде есімізге жалқаулық оралады. Солай емес пе?! Біз кедей адамдарға жалқау адамдар ретінде қараймыз. Ал шын мәнінде олай емес екен. Себебі Африка мемлекетінің халқы егіншілікпен айналысады екен. Дегенмен Африканың табиғат жағыдайы бізге өте жақсы таныс, сондықтан ол жерден егіншілікпен де жарытып күн көрудің өзі бір ғанибет екені сөзсіз. Айтқым келгені – адамға қанша талпынса да оған мемлекеттен жағдай жасалуы керек, сонда ғана елде кедейлік деңгейі төмендейді.

Әлемдегі кедейліктің сипаты мынандай. Өз елінде ішуге жеуге тамақ таппаған адамдар басқа елге кетеді. Оны мигранттар деген танымал есіммен атайды. Қазіргі таңда Америка Құрама Штатттары осылар мен күрес жүргізіп, елге келген мигранттарға қатысты көптеген заңдар шығарылып жатыр. Заңсыз жүрген мигранттардың әсерінен АҚШ ең қауіпті мемлекет болып отыр. Себебі заңсыз жүрген тұлғалар қылмысқа барады. Соның ішінде ұрлыққа, адамды өлтіруге дейінгі қылмыстар тіркелген. Осыған қарап ел экономикасы халықтың жағыдайына тікелей әсер етеді дегенді сеніммен айта аламыз. Елде жағдай жақсы болған күннен бастап халық басқа мемелкетке барып нәпақасын табуды доғарып, бірінші кезекте өзі үшін жұмыс істесе, екінші кезекте ел экономикасын дамытады.

Жалпы қорытындылайтын болсақ , кедейліктің негізгі факторларын мен былай жіктеп берер едім:

Алғашқысы  – ел экономикасы болса, одан кейінгі елдегі жұмыссыздық. Ал үшінші факторды жалқаулық демес едім. Оны  мемлекеттің халыққа жағдай жасамауы деп тоқталдым. Жоғарыда аталған факторлар бір-біріне тығыз байланысты. Ойлап қарайтын болсақ, халықтың кедейлігі ол мемлекетке тікелей болмаса да жанама әсері бар.

Айсауле Кенгашова

 

 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Басқа материалдар