Ақтөбе ФК Қазақстанның премьер лигасына шықты

3251
Adyrna.kz Telegram

Өздеріңізге белгілі, Ақтөбе ФК Қазақстанның премьер лигасына шықты. Бұл қуанышты жаңалық! Осы нәтижеге қол жеткізу үшін біраз тер төгілген болатын. Қазіргі таңда құрамадағы ойыншылардың басым бөлігі өзіміздің жергілікті ақтөбелік футболшылар екенін атап айтқымыз келеді. Осы елдің азаматы ретінде бұл игі үрдісті жалғастыруды міндетім деп санаймын. Ол үшін облыстық балалар мен жасөспірімдер мектебін биыл жаңадан даярлап, жаңа газон төселіп және футболға керек заттар да алынды.

Аймақ басшысы ретінде клуб экономикалық қиындыққа тап болғанда қаржы дағдарысынан шығарып, байырғы деңгейіне жеткізу үшін көп күш жұмсадық. Жанкүйерлердің ортақ үйіне айналған "Орталық стадионды" клубтың сенімгерлік басқаруына бердік. Бұл өз кезегінде ойыншылардың алаңсыз тыңғылықты жаттығуына үлкен сеп берді.
Сонымен қатар, осы жылы футзалдан шағын командамыз Қазақстан Кубогінен күміс медаль иеленген болатын. Енді, жерлестеріміз келесі жылы чемпиондар лигасында жақсы ойын көрсетеді деген ниеттеміз.
Құрметті жанкүйерлер!
Алдағы уақытта сүйікті командамыз ел ішінде және халықаралық деңгейде көптен күткен үмітімізді ақтайды деп сенемін!

Ақтөбе облысының әкімі,

Оңдасын Оразалин

Пікірлер