Қазақстан Коммунистік Халық партиясының мәлімдемесі

2759
Adyrna.kz Telegram

ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық банкінің

несие рақымшылығын жүргізу қажеттілігі туралы жауабына

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының мәлімдемесі

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Үкімет пен Ұлттық банктің Парламент Мәжілісіндегі «Халық коммунистері» фракциясының азаматтар мен шағын және орта бизнес үшін кредиттік рақымшылық жүргізу қажеттігі туралы депутаттық сауалына берген жауабымен мүлдем келіспейді.

Монетарлық билік пен Үкіметтің жауабы шенеуніктердің өмір шындығынан тысқары қалғанын көрсетеді. Тіпті оптимистер де бұрмаланған статистикаға сенуді доғарды. Бірақ ресми мәліметтер бойынша, қазақстандықтардың нақты кірістерінің жылдық төмендеуі 2,5%-ды құрады.

Ұлттық банктің өзі Үкіметтің шектеу шаралары салдарынан орын алған іскерлік белсенділіктің төмендеуіне байланысты жыл соңына дейін қазақстандықтардың кредиттелуі өседі деп болжап отыр.

Мұны коммунистердің қалалар мен ауылдарда азаматтар мен шағын және орта бизнестің жағдайы күрт нашарлап бара жатыр деген байламы растайды және бұл азаматтардың нақты қолдағы кірістерінің, шағын және орта бизнестің несиелендіру есебінен түсімінің төмендеуін алмастыруға мәжбүр етеді. Жаңа несиелер енді даму үшін емес, алдыңғы қарыздарды, жалдау төлемдерін, жұмысшылардың жалақысын, салықтарды жабу үшін алынады.

Билік 2020 жылғы 16 наурыз бен 15 маусым аралығында жеке тұлғалар мен ШОБ субъектілері үшін кредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру ұсынылғанына, оны 1 890 443 адам немесе жеке тұлғалардың барлық қарыз алушыларының 34%-ы пайдаланғанын көп көріп, бұл алаңдатарлық көрсеткіш деп дабыл қағауда! Бірақ ендігі проблема кредит бойынша кезекті төлемдерге қосу үшін кейінге қалдырылған төлемдер сомасының (268 миллиард теңге) қосылуында. Бұл ретте кірістер, іскерлік белсенділік және тұтынушылық сұраныс қалпына келген жоқ, ал бұл жағдай көбін банкроттықтың шегіне жеткізеді. Сонымен қатар Қазақстанда жеке тұлғалардың банкроттығы институты қарастырылмаған. Бұл банктер мен микроқаржы ұйымдарына азаматтардың құқықтарын қудалауға және шектеуге, тіпті кепілге қоюға мүмкіндік береді.

Кәсіпорындардың қаржылық жағдайының динамикасына жүргізілген талдауға сәйкес, пандемияның таралуына байланысты шектеу шараларының салдарынан тұрақты кәсіпорындар үлесінің біртіндеп төмендеуі және қаржылық жағдайы қиын кәсіпорындар санының өсуі байқалады.

Қазақстан ЕАЭО елдері арасында тұрақты ұстап отырған азық-түлік бағасының өсуі аясында тұтынушылық сұраныс апатты түрде төмендеп келеді. Бүгінгі таңда ШОБ және азаматтар Үкіметтің емес, әрекет етуінің арқасында алға басып келеді.

Үкімет алдағы үш жылға кәсіпкерлікті, жұмыспен қамтуды, АӨК-ні дамытуды қолдауға кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде елеулі қаражат бөлінетінін мәлімдеді. Қаражат коммерциялық банктер арқылы өтеді. Демек, пайданың көп бөлігі де сол жерде қалады.

Коммунистер экономиканың нақты секторын қолжетімді және ұзақ мерзімді қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтін кредит жүйесіндегі жүйелі ауытқуларды мемлекеттің қаржыландыру тәжірибесі сақталып отырғанына назар аударады.

Азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға, білім беруді, денсаулық сақтауды дамытуға, көпбалалы және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға жұмсауға болатын, мемлекет бөлетін қаражат субъектілердің шектеулі тобын ғана қамтиды, сол салдарынан экономиканың дамуында жүйелі рөл атқармайды.

Мәселен, өңірлерге ағымдағы нысаналы трансферттер шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға 62 миллиард теңге бөлінеді, субсидияланған және кепілдендірілмеген жобалардың саны шамамен 6,5 мыңды құрайды, яғни белсенді кәсіпкерлік субъектілерін қамту жарты пайыздан кем болады.

Бизнесті қаржылық қолдау жүйесінің тиімділігі өте төмен, қаржылық делдалдарға және алушылардың шектеулі тобына үстеме шығындар өте төмен, демек, жағдай түбегейлі өзгереді деп айтудың қажеті шамалы.

Үкімет шығыстардың үйреншікті құрылымын қайта қарауға және басымдықтарды өзгертуге тиіс. Алайда оның орнына тиімділігі төмен ескі құралдар – орындалуы күмән тудыратын бағыттарды қаржыландыру қолданылады.

Сонымен, көрмелік және презентациялық шараларға қаражат бөлу жалғасуда. Дегенмен әлем осы салада қашықтықтан жұмыс істеуге көшсе де, үлкен бюджеттері бар көрмелерді өткізу және күмәнді тиімділік анахронизмге айналуда.

Биліктің шындықтан оқшаулануы макроэкономикалық болжамдардың негізсіздігінде, экономиканың шикізат құрылымына бағдарлануында да көрініп отыр.

2021 жылы ЖІӨ-нің 2,8%-ға өсуі экономиканың 2019 жылғы деңгейге дейін қалпына келе алмайтындығын білдіреді. Бұл ретте 2025 жылы 4,6%-ға дейін өсуді жеделдету жөніндегі болжам шын мәнінде жалғыз фактормен – мұнай өндіру экспорының өсуіне сәйкес келеді. Янғи оны 17%-ға ұлғайтумен негізделген.

Үкімет 100 миллион тонна мұнай өндірудің психологиялық маңызды шегіне қол жеткізуді ұсынады. Біз мұнай өндіретін елдердің әлемдік тізіміне көтерілеміз және жан басына шаққандағы өндіру көлемі бойынша көшбасшы елдердің клубына кіреміз. ШОБ-қа бұл өмір мерекесінде орын жоқ. Өйткені шетелдік компаниялар басымдыққа ие.

Үкімет іс жүзінде республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттерінен түсетін түсімдердің төмендеуімен келісті. Олар 2021 жылғы 167 миллиард теңгеден 2022 жылы 21,6 миллиардқа дейін, яғни 8 есе құлдырайды. Бірақ КТС және ҚҚС бойынша түсімдердің 21-22%-ға өсуі жоспарлануда, яғни ЖІӨ өсімінен 7-8 есе жылдам. Бұл ретте осындай қарқынды өсудің негізгі үлесі әкімшілендіруді жақсартумен және есептеулерді нақтылаумен байланысты. Яғни бизнеске қысым күшейтілетін болады.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы билікті ойынан айнуға немесе Үкіметтің шектеу шаралары нәтижесінде қаржы институттарының қысымымен үмітсіз өмірлік жағдайға тап болған халық пен ШОБ-ті қолдаудың дереу шараларын енгізуге шақырады. Пандемияның екінші толқыны жақындап келеді. Азаматтар мен шағын және орта бизнестің табысына сөзсіз соққы беретін жаңа шектеу шаралары енгізілуі мүмкін.

Коммунистер несие рақымшылығын жасауды талап етеді! Төтенше жағдай режимін, карантинді, локдаунды енгізу кезеңіндегі негізгі борыш пен есептелген пайыздарды есептен шығару, біздің азаматтарымызды, шағын және орта бизнесті қаржы институттарының (өсімқорлардың) құлдығынан босату, оларды экономикаға қайтару, оларға мемлекетке деген сенімін қайтару қажет!

Пікірлер