«Байқоңыр» ғарыш айлағындағы «Бәйтерек» кешенінде өткізілетін операциялар тағы бір пысықталды. Бұл апатты аймаққа айналған Байқоңырда ұшыру операциялары одан әрі көбейеді дегенді білдірмей ме? Қазақстан мен Ресей «Бәйтерек» кешені бойынша келісім жобасына түзетулер енгізді. Айта кетейік, аталмыш кешен Байқоңырда 2004 жылы бой көтерген болатын.
Ұсынылған түзетулерге сәйкес, келісімшарттың 3-бабының 9-тармағы алынып тасталуы жоспарлануда. Тармақта бірлескен кәсіпорынның жарғылық капиталы ұлғайған жағдайда, тараптар акциялар санының теңдігін сақтайтындығы мен акционерлердің әр тараптан иеленетін дауыс беруші акцияларының тең санымен көрсетілетіндігі жазылған.
Құжатта былай делінген:
«Келісімді 4-2-баппен толықтыру: «4-2-бап. Бірлескен кәсіпорынның (БК) бюджеттік несие бойынша міндеттемелері жай акциялардың қосымша орналастырылуы және оларды бюджеттік несие берген қазақстандық тарапқа беру арқылы БК-нің жарғылық капиталына айналады. «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорация және/немесе оның ұйымдары «Бәйтерек» ғарыштық-зымыран кешенін құру үшін қажетті меншіктегі және Байқоңыр кешенінің объектілерінде орналасқан мүлікті қазақстандық тарапқа бере алады. Берілген мүліктің тізімінін және оны беру тәртібін Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясы бекітеді. Мүлікті беру мен қабылдауды тараптардың құзыретті органдары құрған бірлескен комиссия жүзеге асырады. Мүлікті беру және қабылдау тараптардың мемлекеттерінің экспорттық бақылау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Ресей жағы бірлескен кәсіпорындағы өз үлесін қазақстандық тараппен теңестіруге құқылы».Келісімнің 5-бабы бойынша тараптар (Қазақстан мен Ресей) 2023 жылы «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенінде ұшу сынақтарын бастайды. Тараптар бірлесіп «Союз-5» зымыран тасығышымен орбитаға ғарыш аппараттарын жылына кемінде екі рет ұшыруды жоспарлап отыр. Ресей тарапы:
- «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенінен «Союз-5» әуе кемесінің 2025 жылға дейін кем дегенде үш сынақ өткізуді;
- 2025 дейінгі жылдан 2036 жылға дейінгі аралықта тапсырыстарды «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенінен «Союз-5» зымыран тасығышының орбиталарына шығаруға және оның мүмкін болатын модификациясын жылына кемінде екі ұшыруды қамтамасыз етеді.
Аяулым ӘБІЛДА,
«Адырна» ұлтты порталы