Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі тағайындалды

770

Ержан Ашықбаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ашықбаев Ержан Нығматуллаұлы Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды», - делінген хабарламада.

Ол 2013 жылдың желтоқсанынан бері қызмет етіп келе жатқан ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды. АҚШ-тағы бұрынғы елші Ержан Қазыханов Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі болып тағайындалды. Жаңа лауазымды құруды Қасым-Жомарт Тоқаев мақұлдады.

Ержан Ашықбаев 1974 жылы 16 маусымда Алматыда дүниеге келген. әл-Фарабт атындағы Қазақ ұлттық университетін, Кеннеди атындағы басқару мектебі және Гарвард университетін бітірген. Халықаралық қатынастар маманы, мемлекеттік басқару магистрі. Дипломатиялық мансабын 1998 жылы Төртінші бөлімде Азия, Таяу Шығыс және Африка әкімшілігінде көмекші болып бастаған.

Ол Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді, сонымен қатар Бельгиядағы Қазақстан елшілігіне жіберілді. 2012 жылы ол премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары, үкіметтің ресми өкілі болды. 2012-2013 жылдары - Президент Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының жетекшісі болып жұмыс істеді. Оның 1-дәрежелі Төтенше және Өкілетті Елшісі дипломатиялық дәрежесі бар.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы