Қазақстан 12 күннен бері "қызыл" аймақта - Цой

3402
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан 12 күннен бері "қызыл" аймақта. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, - деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы  Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

"Республика 12 күннен бері "қызыл" аймақта. Сонымен қатар, сегіз өңір "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, БҚО, Алматы, Ақмола, Қарағанды және Ақтөбе облыстары.

Өткен аптада "сары" аймаққа төрт өңір кірді. Бүгінде бұл аймақта сегіз өңір: Шымкент қаласы, СҚО, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Қостанай және Павлодар облыстары.

"Жасыл" аймақта Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары ғана", - деді министр үкімет отырысында.

Алексей Цой сәуірде эпидахуал наурызбен салыстырғанда нашарлағанын айтады. Сәуірде 11 күнде 24 955 жағдай тіркелген.

"Науқастар саны үш есе өскен. Бір тәулікте 2800 жағдайға дейін тіркеліп жатыр. Науқастар саны Қостанай мен Түркістан облыстарынан басқа өңірлерде өскені байқалады", - деді Цой.

Пікірлер