Қырғыз-тәжік қақтығысы: қанша адам қаза тапты?

2050

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қақтығыста қайтыс болғандар саны 13 адамға жетті. Бұл туралы Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.  

Қақтығыс салдарынан барлығы 134 адам зардап шеккен. Олардың 25-ін 30 сәуірге қараған түні арнайы ұшақпен Бішкекке апарды. Екі адам өте ауыр жағдайда жатыр. Қалғандарының жағдайы тұрақты.

Бұған дейін үш адамның қаза тапқаны туралы айтылған болатын. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, олардың арасында 13 жастағы қыз бала болған. Ол ауруханаға бара жатқан жолда өмірден өткен.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы