Белгісіз біреу қайырымдылық қорабына 50 мың доллар салып кетті

5423
Adyrna.kz Telegram

Белгісіз адамдар Ташкенттегі (Өзбекстан) қайырымдылық қорабына 50 мың доллар салды. Бұл ақша ауыр науқастарды емдеуге жұмсалады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы CentralAsia.media-ға сілтеме жасап.

Қорап Korzinka атты желінің супермаркеттерінің бірінде болған деген ақпарат бар. Белгісіз адамдар оған 50 мың доллар тастап кеткен. Бұл туралы желі басшысы Зафар Хошимов әлеуметтік желілерде хабарлады.

«Бүгін біз тағы бір қайырымдылық қорабын ашып, ақшаны санамақ болғанда қораптан оннан астам ақ конверт шықты. Біз оларды ашқан кезде конверттерден жалпы құны 50 000 долларлық купюралар табылды. Рамазан айында осындай шын жүректен игі амал, науқас балаларға керемет сыйлық жасаған біздің жерлесіміз, осы берекелі айдың керемет қасиеттеріне деген сенімімізді күшейтті», делінген хабарламада.

180693169_10220148216716260_1494588492634460347_n

Кәсіпкердің айтуынша, барлық қаражат «Эзгу Амал» қайырымдылық қорының шотына аударылады. Бұл қор онкологиялық аурулары бар балаларға көмек көрсетуге мамандандырылған.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер