Аттракцион істен шығып, 8 бала жарақат алды (видео)

3914
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/05/37413569-9453-4c6b-8a7f-0a35c927d86a.jpeg
Орал қаласында аттракцион істен шығып, бес пен он жас аралығындағы 8 бала жарақат алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі "Уральская неделя"-ға сілтеме жасап. Төтенше жағдай кеше, 2 мамыр күні қалалық мәдениет және демалыс саябағында болған. Куәгерлердің айтуынша, жоғары жылдамдықпен бұрылатын аттракцион кенеттен тоқтаған.
«Әткеншек кенеттен тоқтап қалды да, балалар бір-біріне соғыла бастады»,–дейді олар.
Қалалық саябақтағы аттракциондар "Мир" РИА ЖШС-не тиесілі, иесі — Сергей Чудненко. Айта кетейік, қазіргі таңда бұл фактіге қатысты тергеу жұмыстары басталды. https://youtu.be/DXHmu4Az1Vw

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии