Біздің әншілерде қоғамға берер құндылық қалмаған...

4624
Adyrna.kz Telegram

Біздің әншілердің логикасына үңіліп қарасаңыз таң қаласыз. Бұларда ешқандай да логика жоқ. Ізденбейді. Оқымайды. Әрине, барлығы емес. Бұлар ән айтып, қоғамның алдында жылтырап жүргені болмаса, көпшілігінің біздің қазаққа берер құндылығы қалмаған.

Ізденбеген, оқымаған, тер төкпеген адамдарда қайдағы құндылық болсын... Сондықтан да әншілер осы уақытқа дейін қоғамды тобыр санаға айналдырып, рухани регресске түсіруде өте үлкен рөл атқарды. Тер төкпеген, салмағы ауыр тартпайтын, құндылықсыз жылтырақ дүние біздің қоғамды арбап, алдап, әйтеуір регресстің сан түрін жасады. 30 жыл бойы көргеніміз, үлгі тұтқанымыз логикасы жоқ, құндылығы тоқыраған әншілер болғанан кейін, әрине біздің қоғам артта қалмағанда қайда барады.

Бұлар жеңіл жолмен лоторея ойнатты, 10 мың долларлап гонорармен тойларды қайнатты, жылтырап жүріп талай талай тобырларды жайнатты. Осылардың жылтырағына қызығып талай қазақ кредитке байланды. Осы жеңіс пе? Ерді ғой талай қазақ осыларға.

Біздің қоғамның жастарының ұзақ уақыт бойы әншілердің жылтырағы мен салмағы жоқ жеңіл дүниелеріне алданып келгені өкінішті. Оның орнына ғылым мен технологияға, ұлттық идеологияға мемлекеттік деңгейде көңіл бөлгенімізде, біз қазіргі күні алдымызда тұрған қаншама тығырықтан шығып үлгерер едік. Бізде біраз өндірістік базалар қалыптасып қоятын да еді ғой. Өз өзіміздің иммунитетімізді қалыптастырып, өз өзімізді қорғауға қауқарлы болар едік...

Аңқау әрі ақымақтаумыз. Бізге бәрі өздігінен бола салады деген иллюзияға берілу басым. Соған сеніп жүргенімізден осылай болып жатыр.

 

Бекболат ҚАРЖАН,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер