Ердоған: Еуропа мұсылмандар үшін түрмеге айналды

2790
Adyrna.kz Telegram

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Еуропаның миллиондаған мұсылмандар үшін түрмеге айналғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Исламофобия вирусы коронавирус сияқты қауіпті. Бұл тез таралатын вирус әсіресе, Еуропа елдерінде тез таралып жатыр. Еуропадағы бұл жағдай алаңдаушылық тудыруда. Әсіресе сонда өмір сүріп жатқан мұсылмандар үшін қауіпке айналды», - деді Реджеп Тайып Ердоған Анкарада Құран оқу жарысы кезінде сөйлеген сөзінде.

«Түркия соңғы жылдары Еуропадағы исламофобияның өсімі туралы ескертіп жүр. Сонымен қатар мұсылмандарға қатысты зорлық-зомбылық пен кемсітушілік жағдайларын, исламофобиялық саясаткерлер мен партиялардың ықпалының күшеюін айыптады» деп жазды Yeni Şafak газеті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер