Ауыл шаруашылығы техникасын қайта өңдеу хабын салу жоспарлануда

1815
Adyrna.kz Telegram
фото ашық ақпарат көзінен алынды
фото ашық ақпарат көзінен алынды

Қостанайда алдағы екі жылда істен шыққан ауыл шаруашылығы техникасын қайта өңдеу хабын салу жоспарлануда. Өндіріс индустриялық аймақтың аумағында орналасады. Жақын арада жоба дайындалып, осы маусымда құрылыс-монтаждау жұмыстарына кірісу жоспарлануда.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Олжас Сапарбеков атап өткендей, бұл жоба ауыл шаруашылығы машинасын жасауды белсенді дамытуға мүмкіндік береді. Хаб салу - ағымдағы жылы іске асырылатын алты жобаның бірі. Тізімде сондай-ақ Қарабалық ауданындағы бройлер құс фабрикасы (бұрынғы Комсомольская), Арқалықтағы элеватор мен құрама жем зауытының құрылысы бар. Қазірдің өзінде "KIA" маркалы автомобильдерді шығару желісі жұмыс істеуде, автокомпоненттерді өндіру бойынша оқшаулау орталығы іске қосылды.

Индустрияландыру мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірде жалпы сомасы 180 миллиард теңге болатын 98 жоба жүзеге асырылды. Бұл алты мың адамды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді. Тек 2020 жылдың өзінде құны 11 миллиард теңге болатын бес жоба іске қосылып, 400 жұмыс орны ашылды. Олардың қатарында "қарапайым заттар экономикасы" бағыты аясында іске қосылған "Мибеко" ЖШС сұлы қауызын өндіру желісі бар.

Пікірлер