Жапон халқы: Ресей мен Қытайдың тез арада көзін құрту керек

15111
Adyrna.kz Telegram

Yahoo News Japan порталының оқырмандары Ресейдің Арктикадағы жаттығуларына наразылық білдірді. Сайтта Ресей Әскери-теңіз күштерінің Арктикалық аймақтағы маневрлері, Ресейдің әскери инфрақұрылымын нығайту, Ресейдің ең жаңа қару-жарағы және Солтүстік теңіздегі жоспары жайлы мақала пайда болған еді. Желі қолданушылары мен саясаткерлері келесідей пікірлер білдіруде: 

«Ауа райы жыл сайын жылынуына байланысты порттар қазір қыста да жұмыс істейді. Бұл дегеніміз, Жапонияға шабуыл жасау ықтималдығы артты дегенді білдіреді. Ресей Қытаймен бірге Жапония мен Тайваньға соққы беріп, шабуыл жасауы мүмкін. Енді қырағылықты жоғалтпау керек. Жапония агрессивті елдердің қоршауында қалды. Ядролық қару туралы ойланатын кез келді. Конституцияны шұғыл өзгерту керек», - деді Амуве есімді желі қолданушысы.

«Егер біз Қытай мен Ресей сияқты диктатураны толығымен жоймасақ, әлем бейбітшілікті көрмейді. Олар бәрібір азу тісін ақситуды тоқтатпайды. Олардан келер зардап өте үлкен болады. Оларды кеш болмай тұрып жою керек», - деді Кирк есімді қолданушы.

«Солтүстік теңіз жолы Ресейдің меншігі емес. Егер ол қандай да бір талап қоятын болса, Жапония Шығыс өткелінің бойымен өтуді Мәскеу үшін шектеу арқылы жауап беруі керек. Жапония Солтүстік теңіз жолында стратегиялық позицияны иемденеді. Ресей мен Қытай кемелерінің аталмыш аймақтан өтуін жауып тастауға қауқарымыз жетеді», - дейді саясаттанушы Ягуро.

Жапонияда Абэ билігі кеткен соң, Ресейге қарсы қатаң позицияны ұстанатын Есихиде билігі келді. Олар Куриль аралын қайтаруды мақсат етуде.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер