Қор болған рәміздер

3388
Adyrna.kz Telegram
фото ашық ақпарат көзінен алынды
фото ашық ақпарат көзінен алынды

1992 жылдың 4 маусымы - қазақ халқы үшін маңызды күн. Дәл осы күні бүкіл әлем тәуелсіз, азат екенімізді мойындап,  қазақ елінің рәміздері қабылданды.

Бейбіт күнге жетуді аңсаған бабалардың ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес.  Тарих беттерін қарар болсаңыз да, осы азаттықты һәм бейбітшілікті бізге сыйлау үшін қанша қан мен тер төгілді. Ал біз соны бағалап жүрміз бе?

2007 жылы 4 маусымда Елбасымыз Н. Ә.Назарбаев  «ҚР мемлекеттік рәміздері туралы»  Конституциялық заңға қол қойып, мемлкеттік рәміздердің қолдану аясын нақтылап берген еді.

 Содан бері қанша жыл өтсе де, өзіміздің ұлттық рәміздерімізге өзіміз сыйластық таныта алмай келеміз. Қаншама олимпиадалық ойындарда ескі Әнұран қосылып, ал енді бірінде өз Әнұранымызды білмей тұрған спортшыларды да көрдік. Мәселен, 2015 жылы Хорватияда өткен турнирдің марапаттау рәсімінде Қазақстан Әнұраны дұрыс қойылмады. Тіпті кейбір олимпиада да Әнұранның орнына қазақ ұлтын масқаралайтын Борат атты кинодағы музыканың қосылып кетуі көптің ашуына тиді. Өткен жылдың өзінде іш киіміне қазақтың туын бейнелеп, әлеуметтік желіде шамымызға тиген тағы бір ессіздің қылығына куә болдық. Желіде Аустралияның Бондай Бич жағажайында түсірілген флешмобқа байланысты  видео тарап, халық әбден ашуланды. Биліктен сол кезде де ешқандай  іс- қимыл болған жоқ. Бірақ олимпиадалық ойындарда байқайтынымыз, Әнұран біздікі емес, өзге мемлекеттікі болса да үнсіз тұра беретін спортшылар таңқалдырады.  Сондықтан халықтың арасында дұрыс түсінік қалыптастыру керек. Себебі спортшы да, депутатта, әнші де, әкімде халықтың ішінен шығады.  Біз әлі өз рәміздеріміздің авторларын толық білмейміз. Рәміздерді құрметтеу қазақ халқынан бастау алса деймін.

Өзге елде өз туымыздың асқақтап тұрғанын көрсек, әнұранымыз шырқалса кеудемізде қуаныш кернейтіні анық.  Егер біз өзімізді өзге ұлттар сыйлағанын қаласақ,  алдымен біз өзімізді ұлтымыз бен дінімізді, салт- дәстүрімізді сыйлап үйренгеніміз абзал.

Пікірлер