Шымкентте «Балаларға бақыт сыйла» іс-шарасы

2886
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/51ec442b-229f-4c68-80f9-393ea06d1920.jpeg
Бүгін Шымкент қаласында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Балаларға бақыт сыйла!» іс-шарасы өтті. Оған әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көп балалы отбасыдан шыққан 5-12 жас аралығындағы 40 бала қатысты. Игі шараның мақсаты бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлау, танымдық өрістерін кеңейту болып табылады. Экскурсия барысында балаларға «Шымқала» тарихи-мәдени кешені таныстырылып, зообақты аралатты. Ойын алаңшасындағы аттракциондарға ойнатып, арнайы сыйлықтар табысталды. Мұндай іс-шара ертең де жалғасын табады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Комментарии