Нұр-Сұлтандық ер адам өзі сатқан көлігін қайта ұрлап кетті

1980
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтандық ер адам көлігін сатып, оны қайтадан айдап әкеткен. KIA Rio автокөлігінің жаңа иесі машина ұрлығы туралы полицияға шағымданған, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол күні бұрын түнде көлігін кілттеп, далада қалдырғанын айтқан. Келесі күні таңертең машинасы жоқ екенін аңғарған.

Полиция қызметкерлері оқиға орнын тексеріп, бейнебақылау камераларының жазбаларын қарады. Таңғы сағат 5 шамасында күдікті көлікті ашып, айдап әкеткен. Құқық қорғаушылар күдіктінің жеке тұлғасын анықтағанда оның көліктің бұрынғы иесі екені белгілі болды.

«Машинаны сатқаннан кейін ер адам тағы бір кілтті өзіне алып қалған. Ол көліктің жаңа иесінің мекенжайын да анықтап алған. Автокөлікті айдап әкеткен соң, күдікті машинаны жалдамалы гаражда қалдырып, кейіннен басқа өңірге жолға шыққан», – деді полицияда.

Машина ұрлау фактісі бойынша келтірілген шығын көлемі екі миллион теңгеден асты.

Елордалық полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Оның қандай жазаға тартылатыны әлі белгісіз. Алайда Қазақстанда машина ұрлығы үшін 1-3 мың АЕК көлемінде айыппұл (2,9-8-7 миллион теңге) немесе абақтыда 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімде жазасын өтеу қарастырылған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер