Банк шоттарынан 1 млн 300 мың теңге ұрлаған

2289
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/izobrazhenie_2021-06-07_181003-960x500.png?token=3e9ad3d8c42936173496ec3c50e53a59
Мамыр айында Ақтөбе облысында полицияға бірнеше адам банк шоттарынан ақшаларының бір бөлігі жоғалып кеткендігі туралы арызданған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі. Полиция қызметкерлері тергеу әрекеттерін жүргізу барысында қаржы мекемесінің 21 жастағы операторын анықтап, ұстады.
Күдікті үш ай бойы  4 салымшының шоттарынан қолма-қол ақша жымқырған. Салымшылар ақшаның жоғалғанын байқамауы үшін күдікті ақшаны 30 мың теңгеден бөліп-бөліп шешіп алған. Жалпы алғанда күдікті жәбірленушілердің шотынан  1 млн 300 мың теңге көлемінде ақшаны иемденген. Ұрланған ақшаны жас жігіт букмекерлік кеңселердегі құмар ойынға тіккен.
Барлық деректер негізінде қазір ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 3-бөлігі "Ұрлық" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

"Адырна" ұлттық порталы.

Комментарии