Бокстан Азия чемпионатының жүлдегері елге оралған бойда әскерге аттанды

6666
Adyrna.kz Telegram

Бокстан Дубайда аяқталған Азия чемпионатының күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұл Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарыны қосылды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұл Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарын толықтырды. Былғары қолғап шебері бір жыл бойы атыс пен саптық даярлықты жаттығулармен, жиындармен және жарыстармен қатар алып жүреді»,–делінген хабарламада.

Аманқұл 2022 жылға дейін ҚР Қорғаныс министрлігінің спорт ротасында қатардағы жауынгер ретінде қызмет ететін болады.

«Менің ойымша, әр адам Отан алдындағы өз міндетін орындауы керек. Отан алдындағы парызымды абыроймен орындай алатыныма сенемін»,– деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер