Бақтияр Артаев жаңа қызметке тағайындалды

3921
Adyrna.kz Telegram

Олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері Бақтияр Артаев бокстан мемлекеттік жаттықтырушы болып тағайындалды. Бұл туралы «Astana Arlans» бокс клубы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Олимпиада чемпионы және Вэл Кубогының иегері Бақтияр Артаевты жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтаймыз. Ол бокстан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Болат Әбдірахмановты алмастырады. Бұл тағайындау қазақстандық бокстың дамуына септігін тигізетініне сенімдіміз»,– делінген хабарламада.

Бақтияр Ғарифоллаұлы 1983 жылы 14 наурызда Тараз қаласында дүниеге келді. Боксшы, еңбек сіңірген спорт шебері, бокстан Қазақстан Республикасының чемпионы, 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада ойындарының чемпионы, Вэл Баркер Кубогының иегері. М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген. Бокспен 10 жасынан бастап айналысқан.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер