Әлемді аралау үшін күніне бір доллар жұмсаған

2445
Adyrna.kz Telegram

Францияда зейнеткер өмір бойы күніне бір доллар жұмсап, 1955 жылдан 2005 жылға дейін әлемнің барлық елін аралаған деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Жергілікті Brut онлайн басылымы аталған саяхатшымен видеосұхбат жасаған. Сұхбат кезінде Францияның 83 жастағы тұрғыны Андре Брюжиру (André Brugiroux) 17 жасында жұмыстан шығып, Шотландияға алғаш рет барғанын және сол кезде ұзақ сапарға шыққанын айтты. Ол сол кезде қаржылық қиындықтарға тап болғанын атап өтті, сондықтан күн сайын бір доллардан артық жұмсамау ережесін қабылдаған.

Брюжиру автостоппен жүрген, қонақ үйлерде тоқтамаған және мейрамханалардан бас тартқан. Мәселен,  турист бүгінге дейін әлемдегі 251 елге барып, автостоппен 400 мың шақырымға жуық жол жүрген.

"Сапар барысында не қызықтырды? Адамның жан дүниесі. Саяхат кезінде мен әртүрлі елдің азаматтарына түрлі сұрақ қойдым, әлемді олардың көзімен көргім келді. Мен оны сәтті орындадым", - деп бөлісті саяхатшы.

Ол сол кезде қазіргі заманғы туристерге қолжетімді техникалық мүмкіндіктер жоқ болғанын атап өтті.

"Тек қағаз картасы мен компас, сонымен қатар адамдармен тікелей қарым-қатынас жасау, сұрақ қою және сыпайы болу арқылы осыншама жол жүрдім", - деп еске алды Брюжиру.

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер