COVID-19 жұқтырғандар үшін ашылған ауруханалар біртіндеп жабылуда

2460
Adyrna.kz Telegram

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. 

"Республика бойынша аурушаңдық төмендеп келеді. Өткен аптамен салыстырғанда соңғы жұмада індетке шалдыққандар саны 11 мыңнан 8 мыңға дейін азайды. Мамырдан бастап вирус жұқтыру деңгейі 2,1 есеге төмендеді", – деді ол үкімет отырысында.

Айтуынша, соңғы айда емдеуде жатқан науқастар саны 20 мыңға немесе 2 есеге азайған.

"Өңірлерде коронавирус жұқтырғандар үшін қосымша ашылған ауруханалар саны біртіндеп азая бастады. Мәселен, Нұр-Сұлтанда 330 төсек-орындық 4 стационар, Алматыда шамамен 2 000 төсек-орындық 11 стационар жабылды", – деді ол.

Соңғы айда инфекциялық және реанимациялық бөлімдерде науқастар саны тиісінше 1,9 және 1,5 есеге азайған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Пікірлер