БҚО-да көз жұмған жас полицей ісіне қатысты тергеу басталды

2423
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/bes-3.jpg
Орал-Ақсай тас жолында 28 жастағы полиция қызметкері жол апатынан мерт болды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. БҚО полиция департаментінің ақпаратынша, қайғылы оқиға 9 мамыр кешкі сегіздер шамасында болды. Орал-Ақсай тас жолының 25 шақырымында ВАЗ-2110 маркалы автокөлік аударылған.
«Облыстық патрульдік полиция батальонының 28 жастағы қызметкері рөлге ие бола алмай, аударылды. Салдарынан полицей ауруханада көз жұмды. Оның қасында екі жолаушы отырған, олар аман», - деді департаменттің баспасөз қызметіндегілер.
Полицей жол апаты кезінде сау болған. Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы «Автокөлік басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды. Бұған дейін Орал-Тасқала тас жолында осыған ұқсас трагедия болған еді. Қаланың полиция басқармасының қызметкері рөлге ие бола алмай, жол апатына түсті. Салдарынан оқиға орнында қаза болды.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии