Оңтүстік Қытай теңізіне аттанған АҚШ лайнерлері Пекиннің ашуына тиіп отыр

4836
Adyrna.kz Telegram
АҚШ-тың "Ronald Reagan" атты бомбалаушы ұшақтарды тасымалдаушы авиалайнері Оңтүстік Қытай теңізіне жол тартты. Бұл жайында өткен дүйсенбі күні АҚШ-тың 7-ші теңіз флотының баспасөз қызметі хабарлама жасады. "Ronald Reagan" әуе-теңіз қорғаныс күштерінің тасымалдаушы авиалайнері Оңтүстік Қытай теңізінде 2021 жылы алғаш рет аттанып отыр.
"Ronald Reagan" әуе-теңіз қорғаныс күштерінің тасымалдаушы авиалайнері теңіздегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша операцияларды жүзеге асырады. Тасымалдаушы лайнер әуе рейстерін жеткізуге, әскери-теңіз маневрлерін өткізуге, әуе-қорғаныс күштері бөлімшелерінің тактикалық дайындығын іске асыру жұмыстарын атқарады.
Оңтүстік Қытай теңізіне аттанған "Ronald Reagan" әуе-теңіз қорғаныс күштерінің тасымалдаушы авиалайнерінің  келуі ресми Пекиннің ашуына тиіп отыр. Себебі, Қытайдың оңтүстік шығыс аймақтарда, архипелагтар мен аралдарда орналасқан елдердің суверенитетін мойындамайды. Өзінің меншігі ретінде санайды. Ал, бұл аймақтарға АҚШ-тың кемелерінің жақындауы Қытайдың түн ұйқысын бұзып отыр.
Ресми Пекин Вашингтонның бұл әскери іс-қимылы мен әрекетін аралдар мен архипелагтардағы қасақана арандату деп атады. Ал, Вашингтон болса, халықаралық су жолдарында емін-еркін жүруді АҚШ-тың халықаралық шарттарда көрсетілген ережелерді бұзғаны деп санамайды.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер