Құлпынай өндірісінен саяси жолға түскен "Рейва ағай"

3101
Adyrna.kz Telegram

Алдыңғы жылы Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэнің күтпеген жерден отставкаға кеткен еді, көп ұзамай оның адал қызметкері, оң қолы Ёсихидэ Суга кенеттен сайлауға түсуге ниетті екенін мәлімдеді. Ол қазірдің өзінде Жапониядағы басқарушы партияның ішіндегі ірі фракциялардың қолдауына ие болды.

Құлпынай өндірісінен саяси олимпке дейін

Суга – нағыз халықтың адамы. Ол 1948 жылы 6 желтоқсанда дүниеге келген. Екі үлкен әпкесі мен інісімен бірге Жапонияның солтүстігінде, ауылда өсті. Ата-анасы құлпынай өсірумен айналысқан. Оқуды аяқтағаннан кейін Суга алдымен қарапайым компанияға жұмысқа орналасты. Бірақ ақыр соңында ол өз өмірін саясатпен байланыстырғысы келетінін түсінді.

Ол Жапонияның Либерал-демократиялық партиясының парламент хатшысы болып жұмысқа орналасады.

1987 жылы ол Йокогама қалалық кеңесіне сайланды. Саясатқа жаңа аяқ басқан үміткер алты жұп аяқ киімін тоздырып, қала тұрғындарынан оған дауыс беруін сұрады.

1996 жылы Суга жапон парламентінің төменгі палатасының мүшесі болды, ал тоғыз жылдан кейін – үкіметтегі ішкі істер және коммуникация министрі Койдзумидің орынбасары боп тағайындалды.

Койдзумидің басшылығымен министрлер кабинетінің бас хатшысы болған Синдзо Абэ де саяси олимпке жол тартты. Солтүстік Кореямен сәтті келіссөздер арқылы саяси ұпай жинады. Коидзумидің КХДР-ға тарихи сапары және ұрланған жапон азаматтарының сүйектерін өз Отанына қайтаруы мансабын көтерді. Абэ 2006 жылы LDPJ-ді басқарды. Ел тарихындағы ең жас премьер-министрлердің бірі болды.

Абэнің оң қолы

Жаңа қызметінде Суга іс жүзінде Абэнің оң қолына айналды. Күн сайын таңертең және жұмыс күні аяқталар уақытта ол бұқаралық ақпарат құралдарына арнап брифингтер өткізеді, онда ол елдің ішкі және сыртқы саясатына қатысты сұрақтарға жауап береді. Премьер министрдің өзіндік өкілі ретінде әрекет етеді. Бірақ оның функционалдығы мұнымен шектелмейді.

Жапондықтарға Суга бірінші кезекте ресми міндеттерімен, Абэге адалдығымен емес, әзілдерімен көзге түсті. 2019 жылдың сәуірінде Жапонияның жаңа императоры Нарухитоның ұранын ресми түрде ұсыну құрметіне ие болды. Бұл оқиға дәуірлік сипатқа ие. Өйткені императорлардың ауысуы Жапонияда жаңа дәуірдің басталуын білдіреді.

Жаңа кезең «Рейва» деп аталды, «гармония», «тәртіп» немесе «гүлдейтін әлем» сөздерімен алмастыруға болады. Осы императорлық ұран жазылған тақтайшаны көтеріп тұрған Суга қарапайым жапондардың санасында мәңгіге сақталды. Желі қолданушыларының күш-жігерінің арқасында, тіпті «Рейва ағай» деген лакап аты пайда болды.

Жапондық БАҚ-тың хабарлауынша, Суганың қарсыластары бұрынғы қорғаныс министрі Шигеру Ишиба мен бұрынғы сыртқы істер министрі Фумио Кишида.

Суга ЛДПР-дегі фракциялардың ешқайсысымен байланысты болмағанымен, олардың ішіндегі басшылардың қолдауына ие болады.

Осылайша, фракциялар өз кандидаттарын 2021 жылға дейін дайындауға уақыт берді.

Номинацияға арналған баспасөз мәслихатында, Суга партия ішіндегі сайлауда жеңіске жетсе, Абэ көрсеткен бағытты жалғастыратынын айтты. Ол иенаны жасанды түрде арзандату арқылы тоқырау мен дефляцияны жоюға бағытталған экономикалық саясатты, сондай-ақ экономикалық өсу мен экономиканы қайта құруды ынталандыруға бағытталған «абеномиканы» жалғастырмақ.

«Ұлттық дағдарыс кезінде біз саяси вакуумға жол бере алмаймыз»,- деді Суга журналистерге.

«Мен өзімнің кандидатурамды қорғауға шешім қабылдадым, өйткені мен саясаткер ретінде және Абэ әкімшілігінің мүшесі ретінде не істей алатынымды білдім, сондықтан біздің азаматтарымыз қорқынышсыз өмір сүретін күн тезірек келеді».

Сонымен қатар, Жапония экономикасына ауыр соққы берген COVID-19 пандемиясына қарсы іс-қимылға көңіл бөлуге уәде берді.

«Қазір жұмыс орындарын сақтау және компанияларға несиелер арқылы бизнесті жалғастыруға көмектесу өте маңызды», – деді ол теледидарға берген сұхбатында.

Жапония – қарулы күштерді пайдалану мен дамытуға конституциялық шектеулер енгізген әлемдегі жалғыз дамыған ел.

Сондай-ақ, Ресеймен қарым-қатынас туралы айта отырып, ол Абэнің бейбітшілік шартын жасасу бағытынан таймауға уәде берді.

«Премьер-министр Абэмен бірге мен де аумақтық проблеманы шешуге және Ресеймен бейбіт келісімшарт жасасуға көп күш салдым. Мен бұл тәсілді өзгертпеймін»,- деді ол.

Бір жыл ғана уақыт қалған кезде осындай ауыр жауапкершілікті алғысы келетіні оғаш болып көрінуі мүмкін. Алайда мұны қарапайым түрде түсіндіруге болады: Суга соңғы сегіз жылын үкіметте жұмыс істеуге арнады.

Биылғы жыл ел тарихындағы ең ауыр жыл екені де белгілі. Суганың мерзімі бір жылмен ғана шектелетін шығар, бірақ «Рейва ағай» ретінде ел есінде ерен еңбегімен қалары сөзсіз.

Інжу ӨМІРЗАҚ

 

Пікірлер